Қоғам

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секірген әйел ауруханадан шықты

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберді: кіші ұлы көз жұмды.

Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, артынан өзі секірген әйел ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Терезеден секірген 33 жастағы әйелдің жағдайы жақсарып, ауруханадан шықты. Үлкен ұлы 14 тамыз күні емделіп шықты. Ал кіші бір жарым жасар бала көз жұмды. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның ішкі ағзалары мен миы жарақаттанған еді.

Еске салсақ, 1,5 және 7 жасар екі ұлын бесінші қабаттың кіреберіс терезесінен лақтырып жіберіп, кейін өзі секірген еді. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, науқастар ауруханаға жеткізілді.