Келіні қайын атасынан бала туды: күйеуінің әкесі әйелді бір жыл бойы зорлап келген
Қырғызстанда жас келіншекті қайын атасы зорлап келген.
20 жастағы жас әйелді қайын атасы зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап.
Қырғызстан Республикасының омбудсмені Джамиля Джаманбаева онымен кездесіп, оқиғаның мән-жайын білді. Қайын атасы келініне бір жыл бойы зорлық көрсетіп келген. Бұл туралы күйеуінің анасы (өгей) білгенімен ешқандай шара қолданбаған.
"Келіні қайын атасынан жүкті болып, сәуірдің 11-інде босанған. Бірақ ауруханадан шыққаннан кейін 15 күн өтпей, қайын атасы қайтадан зорлық пен қоқан-лоқы арқылы оған шабуыл жасаған. Жәбірленуші бұл туралы күйеуіне тек мамыр айында айтқан. Жігіт әкесімен сөзге келген, алайда 51 жастағы И.Э. баласын ұрып-соққан. Бұдан кейін қайын атасы оларды 10 күндік дала жұмыстарына жіберген. Ал жас жұп кейін Ыстықкөл аймағына қашып кеткен. Бірақ бала қайын атасының қолында қалған", – делінген хабарламада.
Ыстықкөлде басқалардың көмегімен жас жұп Қаракөл қаласының полиция бөліміне өтініш білдірген. Олар кейін Бішкектегі Ленин аудандық ішкі істер бөліміне жіберілген. Зорлық туралы өтінішті шілде айының соңында жазған.
Полиция Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 154-бабы ("Зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті 16 тамызда ұсталған.
Жас жұп баласын өз қолдарыну алу үшін дағдарыс орталығына жүгінген. Алайда Орталық қызметкерлерінің айтуынша, бала қатты әлсіреген. Жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Алайда бала көп ұзамай көз жұмған.
Акыйкатшы институтының хабарлауынша, Джамиля Джаманбаева жас жұпқа тегін заңдық, психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін тиісті органдарға ресми хат жолдаған.