Қоғам

Ақтауда 19 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап қаза тапты

Бойжеткен бесінші қабаттан құлап кетті.

Ақтауда 19 жастағы қыз бала көпқабатты үйден құлап қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 27 тамызға қараған түні таңғы сағат 04:00 шамасында Ақтау қаласының 27-шағынауданындағы №6 үйде болды. 

Куәгерлердің айтуынша, ол тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатынан құлаған. 

Полицияның мәліметінше, қаза болған қыздың жасы 19-да, ол бұл үйде тұрмаған. Сондай-ақ, оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.

«Қайғылы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД.