Саясат

Нартай Аралбайұлы садақ ату федерациясының президенті болып тағайындалды

Садақ ату федерациясының президенті болып Нартай Аралбайұлы сайланды.

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев садақ ату федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы федерацияның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Sadaq aty" республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясына жаңа президенті тағайындалды.

"Нартай Аралбайұлы, спорт федерациясының президенті лауазымына тағайындалуыңызбен шынайы ықыласпен құттықтаймыз! Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз. Қоғам игілігі жолындағы бұл аса жауапты миссияңызда қажымас қайрат, салиқалы шешімдер, биік жетістіктер мен толымды табыс тілейміз. Еліміздің спорт саласының дамуына қосар үлесіңіз баянды болып, абырой-беделіңіз әрдайым биіктей берсін", - делінген федерация хабарламасында.