Онлайн ойындар мен акциялар ұйымдастырған: атыраулық блогер үш жылға сотталды
Блогер әйелді сот 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырды.
Атырауда Takitok деген атпен танымал блогер 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Ол онлайн ойындар мен акциялар ұйымдастырып, жазылушыларына тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар және көпбалалы отбасыларға көмек уәде берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында 68 жәбірленуші анықталды, келтірілген шығын көлемі бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін.
Сот әйелді Қылмыстық кодекстің “Ірі көлемде жасалған алаяқтық” бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, сотталғанға 5 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға және интернет ресурстарды пайдалануға тыйым салынды.