Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Суретті көргенде төбемнен жай түскендей болды»: Әнару Құрманәлі адвокатына қатысты өз шындығын айтты

«Суретті көргенде төбемнен жай түскендей болды»: Әнару Құрманәлі адвокатына қатысты өз шындығын айтты
Сурет: жеке парақшасынан
Әнару Құрманәлі бұрынғы адвокаты әкесін оған қарсы қойғаны туралы айтты.

Өзін боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлі өзін қорғауына алған адвокаты Ләззат Ахатоваға қатысты өз шындығын бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әкесі Ахатоваға іс бойынша 1 миллион теңге төлеген. Алғашында Әнаруды қорғаған адвокат кейіннен оны масқаралаған.

«Сол жазбаларды оқыған соң өз-өзіме қол салмақ болдым. Бұл – кибербуллинг қой. Әкем екеумізді де бір-бірімізге қарсы қойып, адвокатым мүлде басқа жаққа кетіп қалды», – деп жазды ол.

Ол Ахатованың қарсы тараппен байланыс орнатқанын айтады. Әлеуметтік желіде Ахатова мен оның басқалармен түскен суретін жариялады.

«Суретті көргенде төбемнен жай түскендей болды. Бұл адвокаттың бейтараптығына күмән тудырады», – деп жазды Әнару Құрманәлі.

Айта кетсек, адвокат Құрманәлі Қалдыбектен ешқандай ақша алмағанын алға тартқан болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар