Қоғам

Алматы облысында отбасылық жанжалдан кейін үйден шығып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

Алматы облысында әйел адамның мәйіті табылды.

Алматы облысының Іле ауданында жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы LIDER.KZ волонтерлері Instagram парақшасында жариялады.

1982 жылы туған Абдурусулова Мунирам Токтамышқызы 25 тамыз күні жоғалып кеткен. Ол күндізгі сағат 12:00 шамасында Құйған ауылындағы үйінен отбасылық жанжалдан кейін шығып кеткен.

Үстінде көгілдір түсті көйлек пен қара аяқ киім болған.

Еріктілердің ақпаратына сәйкес, әйелдің денесі 29 тамыз күні табылған. Ол өзіне-өзі қол жұмсағаны белгілі болды. Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайы жария етілген жоқ.