Қоғам

“2 градусқа дейін үсік болады”: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде қыркүйек айында күн суытады.

«Қазгидромет» РМК-сы 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде күн суытады.

Қыркүйек айының басында солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында түнгі уақытта термометр бағандары 2-8 градус жылылықты көрсетеді және 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Елдің оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы 20-28 градусқа дейін түседі. Тек Қазақстанның батыс аймағы, оңтүстік-батысы ауа температурасы 32-40 градус ыстыққа дейін барады.