Қоғам

Пышақ жүрек тұсына кірген: Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы төбелес кезінде көз жұмды

Таразда оқушының өлі денесі табылды.

Жамбыл облысының орталығында 14 жастағы жасөспірімнің өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. 

Оқиға 1 қыркүйекте күні орын алған.

Әлеуметтік желідегі пабликтерде тараған ақпараттарға сәйкес, пышақ жарақаты жүрек тұсына тиген. 

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалған. Жедел іздестіру шаралары барысында кәмелет жасына толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», — деді ведомство өкілдері.