Саясат

Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

Алматы қаласы Алмалы ауданы полициясы прокуратураның тапсырмасымен экс-бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновты іздеуде.

Экс-бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жанияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мақсат Дүйсенов 29 тамыздан бастап іздеуде. Ол туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды. 

Мақсат Дүйсенов 1973 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген.