Алматыда емханаға барып екпе салдырған әйел комаға түсті: бас директор жауап берді
Алматыда екпеден кейін комаға түсіп қалған әйелдің жағдайы туралы емхананың бас директоры айтып берді.
Алматыдағы №28 қалалық емханада әйел екпеден кейін аллергия алып, комаға түсіп қалған. Бұған қатысты мекеменің бас директоры пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай зерттеу жүргізді.
“Дәрігерлермен сөйлесесіз. Басшы ретінде барлық жұмыс атқарылды. Аллергиялық жағдай кез келген адамда болуы мүмкін. Ол тіпті ара шаққанда да анафилкатикалық шок болуы мүмкін. Тек дәрі-дәрмектен ғана емес. Алғашқы көмек көрсетіледі. Алгаритм бойынша дәрілер салынды алғашқы екі минуттың ішінде”, - дейді бас директор.
Ал Толқын Әжібекованың күйеуінің айтуынша, цеф-3 дәрісінен кейін анафилактикалық шок алған науқаста дәрігер аллергия жоқ деп жазып берген. Ал оның алдында аллергия бар деп жазған қағазды ауыстырып жіберген.
Емхана басшысының айтуынша, науқаста анафилактикалық шоктың ең ауыр түрі болған.