«Бізге қорған бола алмады»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасын айтты
Экс-депутат жүрегіндегі қасіретін айтып, желіде жазба жариялады.
Маңғыстау облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Бұл туралы жеілдегі парақашсында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өткен өміріне деген өкінішін білдірді.
«Қолында барды қадірлемей, жанындағы жандарды бағаламай, өткінші мансапқа алданып, мәңгілік байлықтан – жақындарынан айырылады екенсің. Балаға әке бола алмады, бізге қорған бола алмады. Ақыры өзі де…», – деп жазды Наурызова.
Жүрегіндегі қасіретін айтып, баласының әкесіз өсетініне қымсынды.
«Менің жүрегімде қасірет бар. Себебі бала әкесін көрмей өседі. Әке деген аттан айырылған жанды аяймын да, кінәлаймын да. Өмірдің ең қымбат сыйын – баласын – шеттетіп алды. Ол енді менің санамда да өмірімде де мәңгі бос орын болып қалады. Ол орынды ешкім толтыра алмайды.
Әке деген аттың, сүйіспеншілік пен үміттің орны бос қалды. Бала үшін ол әрқашан бейне ғана болады – алыстағы, қол жетпес әке бейнесі», – деді ол.