Қоғам
«Мұсылман әйелдердің құқығын шектеп отыр»: Алматыда сауда орталықтарының бірінде никабпен кіруге тыйым салынған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:46
- 174

Желі қолданушысы никабпен кіруге тыйым салған сауда орталығына ендігіде келмейтінін жеткізді.
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде никабпен кіруге тыйым салынған. Бұл туралы желі қолданушысы жақып, өз шағымын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Threads қолданушысының жазуынша, бұл суда орталығы мұсылман әйелдердің құқығын шектеп отыр.
«Алматыдағы ірі сауда орталығы мұсылман әйелдердің құқығын шектеп отыр. Шынымды айтсам, басқа сөзім жоқ. Бұл — ашық исламофобия. Басқалары қалай қабылдайтынын білмеймін, бірақ мен бұдан былай мұнда кірмеймін. Никаб кимесем де, бұл жолы шектен шыққан сияқты», дейді жазба авторы.
Бұл жазбаға тағы бір Threads қолданушысы елде паранжа мен никабқа тыйым салынғанын жазды.
Еске салсақ, 30 маусымда Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынған болатын.