Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Пышағы ұлының өліміне себеп болған»: Шерзат Полаттың өліміне қатысты видео жариялаған блогерге сот шешімі шықты

«Пышағы ұлының өліміне себеп болған»: Шерзат Полаттың өліміне қатысты видео жариялаған блогерге сот шешімі шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
Әлеуметтік желіде шерзат Полаттың өліміне әкесін кіналап видео жариялаған блогер 20 тәулікке қамауға алынатын болды.

Әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайды өз ұлын өлтірді деп ашық айыптаған, "Доктор" лақап атымен танымал блогер Бауыржан Әбдірахманға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот блогердің мәлімделерін жалған әрі жала жабу деп танып, оған 20 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Блогер әлеуметтік желіде көпшілік алдында кешірім сұрауға және марқұмның отбасына 400 мың теңге моральдық өтемақы және 500 мың теңге өкілдік шығын төлеуге міндеттелді.

"Докторға қатысты сот шешімі шықты. Бұл жеңістің дәмі ерекше. Шерзаттың отбасын орынсыз айыптап келген Доктор енді өз сөзіне жауап берді. Ол кешірім сұрап, өтемақы төлеуге міндетті", – деді Мейірман Шекеев. 

Айта кетсек, блогер Бауыржан Әбдірахман TikTok желісінде Шерзат Полаттың өліміне қатысты видеолар жариялаған болатын.

"Оның сермеп жүрген пышағы ұлының өліміне себеп болғанына сенімдімін. Ол пышақты тастап, баласын өлтіріп жатқан кезде дүкенге тығылып қалған", – дейді блогер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар