Алматыда самокат мінген екі бойжеткенді автобус қағып кетті (ВИДЕО)
Алматыда автобус жаяу жүргіншілерге арналған жолда самокат мінген екі қызды қағып кетті.
Алматыда электросамокат мінген екі бойжеткенді автобус қағып кетті. Олар жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жол апаты 3 қыркүйек күні Алмалы ауданында күндіз болған.
«Foton маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып электросамокатқа мініп, жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. 2008 жылы туған екі қыз ауруханада», - деп хабарлаған Алматының полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы таралды.