Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2026 жылы Алматы-Нью-Йорк бағыты бойынша рейс ашылады

2026 жылы Алматы-Нью-Йорк бағыты бойынша рейс ашылады
Сурет: wikipedia.org
2026 жылы қазақстандықтар Нью-Йоркке тікелей рейспен ұша алады.

2026 жылы Алматы-Нью-Йорк бағытында рейс ашылады, деп хабалайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әуе рейсі 2026 жылы ашылады. Алматы-Нью-Йорк бағыты 2025 жылы іске қосылады деп уәде етілген еді. Алайда мерзім кейінге шегерілді. Дегенмен нақты күн әлі белгіленген жоқ.

"Келесі жылы Алматы – Нью-Йорк тікелей рейсінің ашылуы әріптестікті дамытуға қосымша серпін беріп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.

АҚШ-қа тікелей рейстер туралы әңгіме 2023 жылдан бері жалғасып келеді. 2024 жылдың сәуірінде Қазақстан мен Американың авиациялық әкімшіліктері келісімге келді дерлік, бірақ уәделерден әрі бармады. Енді  қазақстандықтар Нью-Йоркке ұшуды 2026 жылға дейін күтеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар