Қоғам

Оқушы сөмкесін қалай таңдау керек?: денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Денсаулық министрлігі оқулыардың сөмкесін дұрыс таңдауды айтты.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мектеп сөмкесіне қатысты ата-аналарға үндеу жасап, оқушыларға арналған сөмкелерді қалай дұрыс таңдау керектігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылында балаға арналған сөмкені дұрыс таңдау аса маңызды екенін жеткізді. Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, тым ауыр әрі қолайсыз сөмке оқушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Нормаларға сәйкес салмақ: • 1–3 сынып — 2 кг дейін • 4–5 сынып — 2,5 кг дейін • 6–7 сынып — 3,5 кг дейін • 8–11 сынып — 4,5 кг дейін

Министрлік өкілдері сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10%-нан аспауы тиіс екенін ескертті.

Мамандар кең әрі жұмсақ төсемді белдіктері бар, арқасы ортопедиялық болып келетін сөмкелерді таңдауға кеңес береді. Оған қоса сөмкенің жеңіл және су өткізбейтін материалдан жасалуы маңызды, жарық шағылыстырғыштар да міндетті түрде болуы керек дейді олар.

Министрлік өкілдері ата-аналарды баланың сөмкесін артық заттардан тазалап тұруға, оны екі иықпен киіп жүруге үйретуге шақырды. Сөмке ауыр болып жатса, кітаптарды мектепте қалдыруды мұғаліммен ақылдасуға кеңес берді.