Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Сурет: akorda.kz
Президенттің қазақстандықтарға Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгін 8 қыркүйек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. 

Жолдау сағат 11:00-ге белгіленген

"Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Сондай-ақ, Жолдауды Мәжіліс пен Сенаттың ақпараттық ресурстарынан көруге болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар