Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят»: Тоқаев еліміздің азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуды айтты

«Қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят»: Тоқаев еліміздің азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуды айтты
Сурет: energyprom.kz
Тоқаев Жолдауда еліміздің азық-түлік нарығына тоқталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауда еліміздің азық-түлік нарығына тоқталып, оның ұятты жағдайда екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрлікке мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеуді тапсырды.  

«Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят.

Бұған қоса, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек. Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Сондықтан іс-әрекеттерді Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек,- деді Тоқаев Жолдауында.

Бұл міндет тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органдардың да мойнында екен екенін атап өтті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар