Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде шылым шеккен ер адам өліп қала жаздады

Семейде шылым шеккен ер адам өліп қала жаздады
Сурет: Getty Images
Семейде тұрғын улы газға уланып қалды.

Семей қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше қою түтін басқан пәтерден өрт сөндірушілер 1990 жылы туған пәтер иесін алып шықты. Сондай-ақ көрші пәтерден 2 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

«Улы газдан уланған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - төсекте темекі шегу», - деп жазылған хабарлама.

ТЖМ еске салады:

  • мас кезде темекі шекпеңіз;
  • төсекте темекі шекпеңіз;
  • өшпеген темекіні қалдырмаңыз.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар