Саясат

Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Марат Әшім жаңа қызметке тағайындалды.

Президенттің өкімімен Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.