Руслан Желдібай мен Қуаныш Есекеев жаңа қызметке тағайындалды
Руслан Желдібай презтденттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімі бойынша Руслан Желдібай және Қуанышбек Есекеев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.