«Ажырасып кеттік»: Дариға Бадықованың күйеуі мәлімдеме жасады
Дариға Бадықова 16 жыл бірге тұрған күйеуімен айрылысып кетті.
Белгілі актриса Дариға Бадықованың жары, актер Дархан Мұсаев желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол оқырмандарының көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.
“Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды”, – деп жазды актер.