Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өмірге басқа көзқараспен қарайық»: Ардақ Назаров өзін анасын құттықтағаны үшін сынағандарға жауап берді

«Өмірге басқа көзқараспен қарайық»: Ардақ Назаров өзін анасын құттықтағаны үшін сынағандарға жауап берді
Сурет: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Ардақ Назаров өзін сын айтқандарға үндеу тастады.

Мәжіліс отырысында анасын құттықтағаны үшін көпшіліктің сынына қалған депутат Ардақ Назаров үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтуынша, ол анасын туған күнімен құттықтау арқылы өскелең ұрпаққа ой салғысы келген.

"Қадірлі жақсыларым! Анасын туған күнімен құттықтады деп даурығып жатқан жандарға жол болсын. Кеше ғана әкесін қан-жоса етіп тепкілеп, боқтаған видеоны баршаңыз көрдіңіздер. Бұл – қабырғамызды қақыратып, жүрегімізді сыздатты. Оны көрген жас ұрпақ ертең оны қайталамасына кім кепіл? Ең ауыры бұл бейнежазбаға түскен бір ғана оқиға. Шын мәнінде, Ұрпағым үшін деп ғұмыр кешкен қаншама әкелер жетесіз ұлдарының қолынан қаза тапқанын естіп те жүрміз. Бірақ дәл осындай сәтте елге ой салсақ, өскелең ұрпаққа сабақ болса деген ниетпен биік мінберден, биік – АНАҒА деген құрметімді жеткізгім келді. Мәселе – Парламент төрінде құттықтағанымда емес. Мәселе – қайда жүрсең де, қандай қызмет атқарсаң да, мейлі кім болсаң да ата-анаңды құрметтеуді ұмытпауда", – жазды депутат.

Ардақ Назаров көпшілкті бос әңгімені қойып, елдің ертеңіне алаңдауға шақырды.

"Тоқтаусыз ажырасулар, қыздардың қорлануы, тастанды сәбилер, ұрлық, алаяқтық, есірткі, арақ, зинақорлық, кісі өлімі және жетімдер үйінің қаракөздерге толуы. Мен 2004 жылдан бері балалар үйінің бір мүшесімін, көмектесемін, сонымен қатар тәрбиесіне атсалысып келемін.
Бұдан аз уақыт бұрын балалардың саны 52-ге азайғанда қуанып едік. Соңғы екі жылда 158 балаға өсіп кетті. Бұл бір ғана балалар үйінен мысал. Көбісі қаракөздер, ата-аналары бар, бірақ арақ пен есірткіге салынып кеткен. Міне, нағыз қасірет – осылар. Тәуелсіздігімізді қалай сақтаймыз? Ұрпағымызды қалай тәрбиелейміз? Ұлтымыздың Ұлы жолын қалай қалыптастырамыз? Осы сұрақтар бәріміздің ең басты уайымымызға айналмайынша – біздің ел болып кетуіміз қиын. Сондықтан есімізді жиып, өмірге басқа көзқараспен қарайық, елдің ертеңіне алаңдайық", – деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс отырысында Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтаған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар