Оңтүстік Қазақстанда ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасынан бірнеше адам қаза тапты: арасында бала да бар.
13 қыркүйектен 14-іне қараған түні екі ірі жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді. Алғашқы жол апаты 13 қыркүйек күні сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысында, «Қарағанды – Аягөз – Бугаз» трассасында, Шешенқара ауылының маңында болды.
Ford Mondeo жүргізушісі рұқсат етілмеген жерде қарсы жолаққа шығып, Changan көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат орнында бес адам мерт болды.
Екі сағаттан кейін, 14 қыркүйек күні сағат 01:39-да Жетісу облысында, «Алматы – Өскемен» тасжолының 479-шақырымында жол апаты тіркелді.
Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, әуелі Lada ВАЗ көлігімен, артынша Chevrolet Cobalt-пен соқтығысқан.
- Nissan жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты;
- Lada-да төрт адам болған, біреуі көз жұмып, тағы бірі ауруханаға жеткізілді;
- Chevrolet Cobalt-та сегіз адам (оның ішінде бала да бар) отырған, барлығы қаза тапты.
Мамандардың айтуынша, екі учаскеде де жолдар жақсы күйде болған. «Алматы – Өскемен» трассасы 2024 жылдың желтоқсанында реконструкциядан өтті, ал «Қарағанды – Аягөз – Бугаз» тасжолында орташа жөндеу жүргізілген.
Алайда, жолдың тегістігі жүргізушілерді жылдамдықты асырып, қауіпті маневр жасауға итермелейтіні айтылады.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді қатаң түрде жол ережелерін сақтауға шақырды.
«Жолдың сапасы қауіпсіздікті толық қамтамасыз етпейді. Егер жүргізушілер жол ережесі талаптарын елемесе, апаттың алдын алу мүмкін емес. Әр адамның тәртібі, зейіні мен жауапкершілігі – адамдардың өмірі мен денсаулығының кепілі», – деп атап өтті ведомство.