Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда ажырасу көрсеткіші азайып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министр қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, елімізде отбасы институты нығайып келе жатқанын атап өтті.
Елде ажырасу санының азаю үрдісі байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны шамамен 16% төмендеген.
Балаеваның айтуынша, отбасы институтын нығайтуға арнайы жобалар мен бағдарламалар ықпал етіп отыр.
«2024 жылы істердің 37,5%-ы екі тараптың татуласуымен аяқталды (2023 жылы – 33,1%). Бұл жоба тиімділігін көрсетіп отыр», – деді министр.