«Тұман түседі»: 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Еліміздің кейбір өңірінде өткінші жаңбар жауып, күндіз жел күшейеді.
«Қазгидромет» РМК 15 қыркүйек күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік пен орталықта – Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Астана қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +12…19°С, түнде +1…8°С дейін салқындайды.
Батыс өңірлерінде – Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларында күн ашық, негізінен жауын-шашынсыз. Тек Ақтауда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +17…22°С, түнде +6…14°С аралығында болады.
Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында түнде өткінші жаңбыр жауып, күндіз жел күшейеді. Алматыда +21…23°С, Қонаевта +22…24°С, Талдықорғанда +20…22°С күтіледі.
Шығыста – Өскемен, Семей қалаларында жауын-шашынсыз, +13…15°С жылы.
Оңтүстікте – Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылордада күн ашық, бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Күндіз +24…30°С, түнде +10…18°С жылы болады.