«Жақында басқа ұлтқа тиеді-ау»: Балжан Бидаш өзге ұлтқа тұрмысқа шығу туралы ойымен бөлісті
Балжан Бидаш өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін айтты.
Әнші Балжан Бидаш өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол "Сыр" бағдарламасында сөз етті. Айтуынша, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан құрбысы Фариза Ескермес қазақ жігітімен бақытты бола алмас еді.
"Көбі қазақ жігіттеріне ешкім жетпейді деп жатады. Мысалы құрбым Фаризаның күйеуі - орыс. Фариза қазақ жігітіне шықса, жылап, бақытсыз өмір сүреді. Көзінен нұры жоғалып, қатты бақытты болмайды. Ал қазір ол Андреймен бақытты. Әрине, қазақтың саны көп болуы керек. Бірақ сенің басқа ұлттың азаматымен әңгімең жарасып, іштей шын бақытты бола алатын болсаң мен қарсы емеспін. Менің ойым осы",-дейді әнші.
Желі қолданушыларының кейбірі Балжан Бидаштың ойымен келіссе, енді бірі оны сынап тастады.
"Оны тікелей Жаһанға айт", "Тексіздің сөзі", "Махаббат ұлтқа қарамайды", "Қазаққа тисе бақытсыз күн кешеді деген дұрыс емес", "Апам жақында басқа ұлтқа тиеді-ау", "Қазақ жігітінің қадірін түсіріп тастады" деп жазуда олар.