Мәдениет

«Бетін балтамен ұрған»: Ақбота Керімбекова бетіндегі қалы туралы айтты (ВИДЕО)

Ақбота Керімбекова бетіндегі қалына қатысты айтты.

Танымал әнші Ақбота Керімбекова бетіндегі қалына қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Балалық шағын есіне алған өнер иесі “КешREG” бағдарламасында қонақта болды. 

“Көбі біледі ғой, бетімде қал бар. Соны бала кезімде көп мазақ ететін. Мектепте де, балабақшада да барлығы келеке еткен. "Көк көз, бетін балтамен ұрған" деп неше түрлі сөздер айтатын. Содан кейін ішімде комплекс пайда болды. Көп көзіне түсуден қашып, көпшілік ортадан қашатынмын. Суретке де түскім келмейтін. Содан адамның емес, Алланың қалауы болып өнерде, халық алдында жүрмін.  Алла мен қаламаған дүние болса да мені бұрып қазақ сахнасына әкелді”, – деп ағынан жарылды әнші.