Қоғам

Республика күніне орай қазақстандықтар 9 күн демалады

25 -қазан айында қазақстандықтар 9 күн демала алады.

Қазан айында қазақстандықтар ұлттық мереке – Республика күнінде қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

25 қазан – Республика күні атап өтілетініне байланысты ел тұрғындарына қосымша демалыс беріледі.

Осылайша келесі айда ел тұрғындары жалпы 9 күн демалады.

2025 жылы Республика күні сенбіге түсіп тұр. Заң бойынша, егер ұлттық мереке демалыс күніне, яғни сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазанда демалады.