Қоғам

Талғардағы қылмыс: күдіктінің анасы ұлының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын айтты

Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты күдіктінің анасы бар шындықты айтып берді.

Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында әйелдің қызын ұрлап, оның 30 жастағы ер адамның өліміне қатысты тың мәліметтер шықты. Күдіктінің анасы баласының ұлының қылмысқа баруына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы күдікті Айғазинов Еламанның анасы журналист  Руслан Өтепбайға  сұхбат берді.

Анасы баласының жуас, ақкөңіл адам екенін айтады. Ол Еламан туралы желіде тараған сөздердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Менің балам қолымен істегенін мойнымен көтереді. Балам ешқашан ешкімді ренжітпейтін жуас еді. Еламан мен Аружанның қыз бен жігіт болып кездесіп жүргеніне жарты жылдан асты. Аружанды келін қыламыз деп ниеттеніп, басына орамал да салдық. Одан кейін де біздің үйге келіп қызымен бірге қонып жүрді. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Бір күні Аружан ағасы, жеңгесімен бірге қосылып үйге келіп айқай-шу шығарды. Менен баламды тауып беруімді талап етті. «Менің жеке суреттерімді таратып жіберді» деп айтты. Баламды түрмеге отырғызатынын айтып, айғайлады», – дейді анасы Шынар Айғазинова.

Оқиға болардан үш күн бұрын күдіктіні марқұм Ернар Тұрғынбек алдап шақырып, ұрып кеткен. Айтуынша, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Бір күннен кейін Ернар үйден шығып кетіп қалған.

«Келесі күні маған хабарласып, «мама, мен кісі өлтіріп қойдым» деп айтты. Неге, кімді деп сұрағанымда «үш күн ішінде Талғардан көшпесеңдер, мамаңды бауыздап кетеміз» деп айтқан соң өлтіргенін жеткізді», – дейді Айғазинова. 

Айғазинова баласының ешқашан ащы суға әуестенбегенін айтады.

«Ол өмірі арақ ішіп, темекі тартқанын көрсеткен емес. Онысын білмеймін. Бір күні ішіп келді. Сол кезде «мама, мен Аружанды біреумен ұстап алдым» деді. Мен «Ол саған қатын болмайды» деп айттым. Сөйтсем, үйленейін деп жүргенін айтты. Солай жылады. Ұстап алған соң интим суретін жіберіп отыр ғой», - дейді күдіктінің анасы.

Сонымен қатар оқиға болған күні Еламан Аружанның үш жасар қызын кепілдікке  алу ниеті болмағанын айтады.