Қоғам

«Ем қабылдауда»: Сара Алпысқызының қазіргі жағдайы белгілі болды

Сара Алпысқызы Ұлттық госпитальда ем қабылдап жатыр.

Қазақстанның бұрынғы "бірінші ханымы" Сара Алпысқызы Назарбаева бес айдан бері Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

 BES.media жолдаған ресми сауалға аурухана өкілдері жауап берген.

«Ұлттық госпитальда науқас бекітілген медициналық стандарттарға сәйкес тәжірибелі мамандардың бақылауымен ем қабылдауда», – делінген госпиталь директоры Асхат Бралов қол қойған жауапта.

Жауапта атап өткендей, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 273-бабына сәйкес, диагнозға, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия болып саналады. Оларды жария ету тек пациенттің келісімімен немесе заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана мүмкін.