Түркістан облысында ұлы ұрып-соққан науқас қарияның өліміне қатысты тың деректер шықты
Ұлы "ұрып" өлтірген зейнеткердің өліміне қатысты жаңа дерек шықты.
Түркістан облысында ер адамның өз әкесін ұрып-соғуы көпшіліктің назарын аударды. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда. Қоссейіт Садақбаев ауылында 73 жастағы Есіркеп Садықбекұлының қазасынан кейін оның денесі эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм 2-нен 3 қыркүйекке қараған түні көз жұмған. Соңғы күндері ол дәрігерлердің бақылауында «жүрек гипертензиялық ауруы» мен «омыртқа остеохондрозы» диагнозымен болған. Дене жарақатына қатысты ешуақытта шағым білдірмеген.
«Марқұмның жақындары дер кезінде өлім фактісін хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер өлім туралы анықтама бере алмады. Қазір сараптама жүргізілуде, қорытындысы кейін жарияланады», – делінген басқарма түсіндірмесінде.
Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр, нақты қорытынды кейін белгілі болады.
Аталған іске байланысты марқұмның ұлына қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу» бабы бойынша іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, оның жұбайына қатысты «Топ болып жасалған ұрып-соғу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.