Алматы қаласы мен облысында 1 қазаннан бастап электр энергиясы қымбаттайды
Алматы тұрғындары үшін жарық 19,6% қымбаттамақ.
Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы кВт/сағ үшін 38,1 теңгеге өспек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматыдағы ең ірі энергия тасымалдаушы ұйым "ЭнергоСбыт" ("Алатау Жарық Компаниясы" филиалы) өкілдерінің мәлімдеуінше, қала тұрғындары үшін жарық 19,6% қымбаттамақ.
Кәсіпорын өз шешімін "Алатау Жарық Компаниясы" өнеркәсіптік желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің 1 кВт/сағ үшін 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге дейін немесе 10% көтерілуімен түсіндірді.
Отырысқа төрағалық еткен табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова заң бойынша компаниялардың кем дегенде ай сайын тарифтерді көтеру туралы хабарлама жіберуге құқығы бар екенін атап өтті.