Ағасынан бала туды: мектеп оқушысы жаңа босанған сәбиін дәретхана суына лақтыра салған
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2025
- 253
Үндістанда өзінің немере ағасынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көрген оқушы қыз жүкті болып қалған. Кейіннен бала туып, оны дәретхана су төгетін ыдысқа тастай салған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы Times of India басылымы жазды. Отбасына қонаққа келген жас жігіт 15 жастағы туысына ата-анасы үйде жоқ кезде зорлық көрсеткен. Сөйтіп сегіз ай бойы зорлаған.
Жүкті болып қалған қыз отбасылық мереке кезінде дәретханаға барғанда босанып қойған. Шақалақ дәретхана су төгетін ыдысынан табылды. Оны дәрігерлер құтқара алмаған.
Полиция тергеу жұмыстарын бастап, жаңа туған нәрестенің анасы мектеп оқушысы екенін анықтаған. Кейіннен қыздың ата-анасына хабарласқан. Қыздарының жүкті екенінен хабарсыз болған ата-анасы полицияға зорлау туралы арыз түсірді.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




