Алматыда жеңіл көліктегі ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:27
- 1

Алматыда белгісіз ер адамның автобус жүргізушісін балағаттап, терезесін жұдырығымен ұрған видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бейнежазбада ер адамды басқа жүргізушілер арашалауға тырысады. Оқиғаны автобустағы жолаушы әйел түсіріп алған.
«Жеңіл көлік жүргізушісі №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті әрекет жасаған. Кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасаған және пышақ алып шыққан», - деп жазылған бейнежазбада.
Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.
"Оқиға орнында автобустың жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал болғаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апаттық жағдай тудырғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген ведомство хабарламасында.