Қоғам

Алматыда екі жігіт түнгі уақытта бойжеткенді алып қашпақшы болды (ВИДЕО)

Алматыда екі жігіт қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетпек болған.

Алматыда екі жігіт бойжеткенді түнгі уақытта күштеп көлікке отырғызып, алып кетпек болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекте болған. «102» арнасына куәгерлерден түскен хабарлама бойынша оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілген.

«Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Белгілі болғандай, жас жігіт пен қыз бір-бірімен таныс екен. Қыз шағымданудан және арыз беруден бас тартты. Сонымен бірге ер адаммен заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндіріліп, профилактикалық жұмыс жүргізілді. Айта кету керек, полиция ықтимал құқыққа қарсы әрекет туралы әрбір хабарламаға, әсіресе зорлық-зомбылық пен өмірге немесе денсаулыққа төнетін қатер мәселесіне жедел ден қояды», – делінген хабарламада.