Әйелін ұрған бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша апелляция шешімі шықты
Алты жылға сотталған Сәкен Мамаштың шағымы қанағаттандырылған жоқ.
Бірнеше жыл бойы әйеліне қорлық көрсетіп келген бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол сот үкімін қайта қарауды талап еткен еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алайда шағым қанағаттандырылған жоқ.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сәкен Мамашқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы оның адвокаты Данияр Әділов мәлімдеді.
Еске салсақ, 18 шілдеде экс-дипломат Сәкен Мамашқа сот үкімімен алты жылға сотталды.