604 963 теңге: Қазақстандықтардың орташа жалақысы өседі
Үш жылдан кейін көп азаматтардың жалақысы өседі.
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Құжатқа сенсек, үш жылдан кейін қазақстандықтар айтарлықтай көп табыс табады, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
2028 жылға қарай бір қызметкердің орташа айлық табысы 604 963 теңгеге жетуі мүмкін. 2025 жылы бұл көрсеткіш - 423 133 теңге.
Ұлттық экономика министрлігінің ресми болжамына сүйенсек, Қазақстандағы орташа жалақы мынадай болады:
2025 жылы - 423 133 теңге;
2026 жылы - 500 890 теңге;
2027 жылы - 554 154 теңге;
2028 жылы - 604 963 теңге.
Нақты жалақы өсімі (инфляцияны есептегенде) төмен болжанған: 2026 жылы 7,6 пайыз өсім, ал 2027-2028 жылдары шамамен 3 пайыз.
Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады: 85 000 теңге. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі: 2025 жыл 46 228 теңге болса, 2028 жылға қарай 57 405 теңгеге дейін өседі.