Жетісу облысында есірткімен айналысқан ер адам зейнеткер ата-анасымен бірге ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
- 246
Жетісу облысында есірткіні отбасылық бизнеске айналдырған ер адам зейнеткер ата-анасымен бірге ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы – Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөлік салонынан 19 килограмм марихуана тәркіленді.
Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты.
Күдіктінің 66 жастағы жұбайы ұялы телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 килограмм марихуана табылды.
«Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Алматылық облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды. Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 килограмнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.
Барлық қатысушылар қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
"Егіздің сыңары": Отарда 19 жастағы сарбаз көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Алматы – Бангкок бағытындағы ұшақта шетелдіктер төбелес шығарды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 желтоқсан, 2025
Қандай жағдайда азаматтардың жіберген төлемдері тексерілетіні нақтыланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 желтоқсан, 2025




