Қоғам

Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды

Жылыту маусымы ауа райы қанша температураға төмендегенде қосылатыны айтылды.

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын және бірінші кезекте қандай нысандар қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Жылыту маусымын бастау туралы шешім сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн қатарынан +8°C немесе одан төмен болған кезде қабылданады", - дейді басқарма өкілдері.

Сондай-ақ ведомстводағылар жылумен қамту кезең-кезеңімен жүргізілетінін, әлеуметтік нысандар – балабақша, мектеп, медициналық мекемелер, кәсіптік лицейлер мен медициналық-әлеуметтік ұйымдар бірінші болып қосылатынын айтты.

Кейін жылу тұрғын үйлерге, жатақханалар мен қонақүйлерге, одан кейін әкімшілік ғимараттарға, университеттер мен театрларға беріледі. Басқа нысандар соңғы кезекте қосылады.

"Жылу бекітілген кестеге сәйкес беріледі және тұтынушыларды үздіксіз жылу берумен қамтамасыз етеді", - дейді Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері.