Қоғам
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
- 234
Маңғыстау облысында екі шенеунік есірткіге қатысы бар деген күдікке ілінді.
Полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен Маңғыстау облысы мен ауданының үш тұрғынын ұстады. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, басқа күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Операция есірткі қылмыстарымен күреске бағытталған «Қарасора-2025» республикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.
Шенеуніктердің есімдері жария етілмейді.




