Алматыда гранит, асфальт шуларынан соң аудан әкімдеріне сөгіс жарияланды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:52
- 99

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
17 қыркүйекте қаладағы қалың жауыннан соң асфальттар опырылып, су ағатын арықтар толып қалған еді. Осыған байланысты қала әкімі Сатыбалды Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевке қатаң сөгіс берді.
Бостандық ауданындағы траншеяларды су шайып, әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі плиталарды негізсіз ауыстыру фактілеріне байланысты аудан әкімінің орынбасары қызметінен алынды. Қала басшылығы Бостандық ауданы әкімі әлі тағайындалмағандықтан, орынбасары жазаланғанын меңзеді.
Сондай-ақ Медеу ауданы Уәлиханов бульварындағы жабын тастарды "заңсыз шешіп алып, плиткаларды жеке үйге жеткізу оқиғасына" байланысты Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалинге де соғыс жарияланды.
Әкімдік жабын тастар мен плиткаларды алу оқиғалары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Үлкен Алматы өзенінің арнасын жөндеп, іргелес аумақтарды абаттандырып жатқан "Павлодар өзен порты" компаниясының жұмысы да тексерілмеді дейді қала басшылығы.
Осы аптада алматылық белсендісі Санжар Боқаев Үлкен Алматы өзені бойындағы гранит тастарды әлдекімдер жеке бас пайдасына жарату үшін әкетіп жатқанын әшкереледі. Боқаев осыдан үш апта бұрын Алматыда болған тағы бір оқиғаны түсіріп, видеосын жариялаған. Онда қаланың орталық бөлігінде бюджет қаражатына алынған жабын тастарды (брусчатка) тиеп алған әлдебір жүк көлігі Алматының іргесіндегі Жандосов ауылына барып, әлгі заттарды біреудің жеке үйіне апарып түсіргені көрсетілген.
Ұқсас жаңалықтар
11 адам сотталды: Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025