Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынын айтты
Баян Алагөзованың күйеуі маңызды мәлімдеме жасады.
Продюсер Баян Алагөзованың күйеуі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов егер "Қайрат" футбол клубы "Реал Мадридті" жеңсе, онда әр ойыншыға бір-бір автокөлік сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әйелі Баян Алагөзованың Instagram парақшасында мәлімдеді.
"Құрметті қазақстандықтар, бүгін Алматы күні. Мен елімнің патриотымын. 10 күннен кейін сүйікті командамыз "Қайрат" пен "Реал Мадридтің" ойыны өтеді. Сондықтан мен мемлекетімнің патриоты ретінде және өз туған күнім қарсаңында "Қайрат" командасы жеңіске жетсе, ойнаған барлық ойыншыға бір-бір автокөліктен сыйлаймын деп уәде беремін. Алматы – бейбітшілік астанасы, "Қайрат" – чемпион!" – деді Тұрсынғали Алагөзов.
Айта кетсек, 30 қыркүйек күні "Қайрат" футбол клубы өз алаңында аңызға айналған "Реал Мадридті" қабылдайды.