Жаңбыр, найзағай: 21–23 қыркүйек аралығында еліміздің үш қаласында қандай ауа райы болады?
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:20
- 54

«Қазгидромет» мамандары 21–23 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еліміздің үш ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз қалыпты ауа райы болады.
Астана қаласында 21 қыркүйек – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +4…+6 °C, күндіз +19…+21 °C. 22 қыркүйек – ауыспалы бұлт, жаңбыр. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +9…+11 °C, күндіз +17…+19 °C. 23 қыркүйек – бұлтты, кей жерлерде жаңбыр. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +6…+8 °C, күндіз +15…+17 °C.
Алматыда 21 қыркүйек – жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлт. Жел 3–8 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +21…+23 °C. 22 қыркүйек – күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +11…+13 °C, күндіз +24…+26 °C. 23 қыркүйек – бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде нөсер және найзағай. Жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +18…+20 °C.
Шымкент тұрғындарына ескерту жарияланды. 21 қыркүйек – жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел 8–13 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +31…+33 °C. 22 қыркүйек – түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19 °C, күндіз +23…+25 °C. 23 қыркүйек – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +11…+13 °C, күндіз +23…+25 °C.