Қоғам

Жаңбыр, найзағай: 21–23 қыркүйек аралығында еліміздің үш қаласында қандай ауа райы болады?

Үш күнге арналған ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» мамандары 21–23 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің үш ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз қалыпты ауа райы болады. 

Астана қаласында 21 қыркүйек – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +4…+6 °C, күндіз +19…+21 °C. 22 қыркүйек – ауыспалы бұлт, жаңбыр. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +9…+11 °C, күндіз +17…+19 °C. 23 қыркүйек – бұлтты, кей жерлерде жаңбыр. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +6…+8 °C, күндіз +15…+17 °C.

Алматыда 21 қыркүйек – жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлт. Жел 3–8 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +21…+23 °C. 22 қыркүйек – күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +11…+13 °C, күндіз +24…+26 °C. 23 қыркүйек – бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде нөсер және найзағай. Жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +18…+20 °C. 

Шымкент тұрғындарына ескерту жарияланды. 21 қыркүйек – жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел 8–13 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +31…+33 °C. 22 қыркүйек – түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19 °C, күндіз +23…+25 °C. 23 қыркүйек – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +11…+13 °C, күндіз +23…+25 °C.