Алматыда ер адам 13 жасар қызға қарап ұятсыз әрекет жасаған (ВИДЕО)
Автобуста ер адамның қызға қарап, мастурбация жасаған сәті видеоға түсіп қалды.
Алматыда автобус ішінде ұятсыз әрекет жасаған ер адам видеоға түсіп қалды. Ол 13 жасар қызға қарап мастурбация жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл оқиға №135 бағыттағы қоғамдық көлікте болған. Ер адамды қыз телефонының видеосына түсіріп алған. Сөйтіп үйіне барғанда анасына көрсетіпті.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі істі анықтап жатқанын хабарлады.