Павлодарда ағасы мен қарындасын бірге зорлап келген: екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Павлодарда ағасы мен қарындасын жылдар бойы зорлаған екі педофил сотталды.
Павлодар облысының Майқайың ауылында ер адам кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық көрсеткен. Айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Сот дерегінше, қыз бала алғаш рет небәрі 10 жасында зорланған. Кейінгі тергеу барысында оның ағасы да күдіктілердің жыныстық зорлығына ұшырағаны анықталды. Сот процесі жабық өтті.
2001 және 2002 жылы туған ауыл тұрғындары бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің әрқайсына 2 миллион теңгеден моральдық өтемақы төленеді.
«Сот материалдары толық зерттелді. Айыпталушылардың кінәсі еш күмәнсіз дәлелденді. Экспертиза қорытындылары да мұны растады. Белгіленген жаза заң талаптарына толық сәйкес келеді», – деді судья Құдабай Сұлтанов.
Балаларға психологтар көмектесіп, отбасы басқа жерге көшірілген.