500 теңге: жүргізушілер енді сатып алғалы жатқан көлігі жайлы ақпаратты біле алады
«Азаматтарға арналған үкімет» жаңа қызметті іске қосты.
Көлік жүргізушілеріне арналған жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, енді жүргізушілер көлік туралы барлық ақпаратты жылдам біле алады.
«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды. Бұл арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады. Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді», - деп жазылған хабарламада.
Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ басқа да тиімді ұсыныстар бар:
- 10 тексеріс – 4500 теңге,
- 20 тексеріс – 8000 теңге.
Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.