Мәдениет

«Интим массаж салонының клиенттерінің бірі»: Тұрсынбек Қабатов туралы ақпарат тарады

Тұрсынбек Қабатов туралы желіде ақпарат тарап кетті.

Шоумен, әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Threads желісінде жарияланды. Желі қолданушысының жазуынша, Қабатов интим массаж салонының клиенті болған. 

"Интим қызметтер көрсетілетін салондарына жүргізілген рейдтер барысында танымал комик Тұрсынбек Қабатов ұсталды. Оперативтік қызметкерлердің мәліметінше, азамат Қабатов «Манхэттен» тұрғын үй кешеніндегі интим массаж салонының клиенттерінің бірі болған. Әзілкеш жасырынуға тырысқан, ал табылғаннан кейін пікір білдіруден бас тартқан", - делінген Threads әлеуметтік желісіндегі жазбада. 

Айта кетсек, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы сыр бергені туралы жазған едік.